info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Әртараптандыру - бизнесті дамытудың жаңа кезеңі.

Жаңалықтар
18.07.2020

«Ермекбай-Строй Групп» ЖШС 2008 жылдың қараша айынан бері жұмыс істейді. Негізгі қызмет түрі - құрылыс материалдарынкөтерме-бөлшек саудалау. Компания ТЕХНОНИКОЛЬ корпорациясының ресми серіктесі. Гидрооқшаулағыш материалдар, жылу оқшаулағыш материалдар, шатыр материалдарының кең спектрі және т.б ұсынады. Сонымен қатар компания «Ондулин» ЖШҚресми дистрибьюторы Компания нарыққа: ондулин SMART  шатыр жүйесі - битумды толқынды табақтар, шегелер мен керек-жарақтар, Ондувилла шатыр жүйесі - 3D битумды жабынқыш, шегелер мен керек-жарақтар, Ондулин жабынқыш шатыр жүйесі - битумды толқынды табақтар, шегелер мен керек-жарақтар, Ондутис және Турбоизол қабықшалары, еврошифер ұсынады.

Өнімді жеткізу аумағының кеңдігін ескере отырып және шығындарды азайту мақсатында директор Евгений Касаткин 2019 жылдың мамыр айында өз қаражатына 2011 жылғы жартылай тіркемесі бар Volvo тартқышын алады. Шамамен 10-11 сәтті рейстерді аяқтағаннан кейін және жүк тасымалдауда үнемдей отырып, компания басшылығы бизнесті әртараптандыруға және жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсету жаңа бағытын ашуға шешім қабылдады.

«Альфа Банк» АҚ ЕБ жартылай тіркемесі бар жаңа Volvo тартқышын сатып алуға несие берді, «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялады.