info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«В Шоколаде» демалыс орны кеңейді

Жаңалықтар
20.07.2020

«Жайлы жемалыс – мықты денсаулық пен өнімді жұмыстың кепілі». Қызмет көрсету саласында көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер Билялова Рауза Исханқызы бұған кәміл сенеді. 2017 жылдың басында ол өз қаражатына Алакөлдің шығыс жағалауынан жер телімін сатып алған. Сол жылы маусым айында «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы несие алып, демалыс базасының құрылысын бастап, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады. Нәтижесінде, 2018 жылы экологиялық таза материалдан жасалған екі қабатты корпус пен 72 орынға арналған «В шоколаде» демалыс орны ашылды. Оны кәсіпкердің ұлы Хамзин Ербол Кенжебайұлы басқарады.

5.jpg

Мұнда тиімді бағада 2, 3, 4, 5 және 6 орындық жайлы нөмірлер бар. Автотұрақ пен жаздық алаңқай, балалар алаңы, баскетбол және волейбол, балаларға арналған шағын футбол алаңы, батут, үстел теннисі және Sony PS-мен де қамтылған. Барлық аумақ қоршалып, жарықтандырылған. Екі жыл ішінде демалыс орны тез танылып, туристер арасында үлкен сұранысқа ие болды.

Осыған байланысты, Билялова Рауза Исханқызы тағы бір корпус салмақ болды. Бұл жолы да «Билялова Р.И» ЖК «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 41 млн теңгені 14,95%-бен алды. Оның 8,95%-ын мемлекет «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында субсидиялайды. Кәсіпкерге қалатыны 6%. Қосымша «Даму» Қоры ішінара кепілдік берді.

Осы жоба аясында «Билялова Р.И» ЖК 45 орындық 16 нөмірге арналған екі қабатты корпус салды

Мекенжайы: ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай а., Көл жағалауы, 7.

Байланыс: 8 705 170 72 82

Instagram: @alakol_v_shokolade

Даму Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз.