info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Отбасылық бизнес – табыстың көзі

Жаңалықтар
27.07.2020

Досжанова Гүлайым Байдешқызымен оның отбасы отбасылық бизнес – азық-түлік дүкенін ашуды көптен бері ойлаған. Қажырлы еңбек, шыдамдылық, табандылықтың арқасында ол армандарына жетті.

Алдымен біраз қаражат жинап шағын маркетке қолайлы үй-жай іздей бастады. Ол жаңа көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен табылды. Бірақ сатып алу үшін қаражат қажет болды.

Алдымен Гүлайым Байдешқызы «Даму» Қорына келіп, менеджерден кеңес алған соң «Бизнес-Кеңесші» атты кәсіпкерлік негіздері курсын оқып алды. Жеңіл несие үшін мамандар «Еңбек» бағдарламасын ұсынды. Қажетті білім алған соң кәсіпкер банкке қажет құжаттарды жинай бастады. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында «Сбербанк» АҚ ЕБ 6%-дық несиені мақұлдады. Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілзаттың жеткіліксіздігіне байланысты кепілдік берді.

Қазір «Nurlan» шағын маркеті өзінің келушілерін сапалы қызметпен, азық-түлік өнімдері, тұрмыстық тауарлардың кең түрімен қуантып отыр. Минимаркет Орал қаласының қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірінде орналасқан.

«Досжанова Гулайым Байдешовна» ЖК

Мекенжайы: Орал қаласы, Зачаганск а., Мөңкеұлы көшесі, 77

Тел. 8-705-125-38-85