info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Шымкентте іс бастаушы кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау алды

Жаңалықтар
03.08.2020

Муталиева Жанар 2019 жылы жеке кәсібін ашқан. Қоқыс, қалдықтар шығару, тиеу сияқты қызметтерді ұйымдастырады. Жанарға биыл жаңа экскаватор-тиегіш қажет болған кезде мемлекеттің қолдауына жүгінбек болды. Жанардың айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктер – шағын және орта бизнестің тынысын ашады.

Кәсіпкерлер үшін жеңілдік бар екенін білген сәтте ол «Даму» Қорына келіп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын туралы мәлімет алды. Қажетті құжаттарын жинап, «Ырыс» МҚҰ ЖСШ арқылы арнайы техниканы сатып алу үшін жылына 6%-бен несиеге қол жеткізді.

Қаражатқа кәсіпкер Volvo фирмасының экскаватор-тиегішін сатып алды. Қазір қатты қалдықтар шығару көлемін арттырып, нарықта сенімді қызмет көрсете алады.

Мекенжай: Шымкент қ, Бадам-2 тұрғын ауданы, Жаңақұрылыс көш, 249/1

телефон: 8-705-617-88-22