info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Garant» - 100% грант кепілі»

Жаңалықтар
06.08.2020

Түлектер үшін жоғары оқу орнын таңдау оңай шаруа емес. Грантқа кез келген адамның ілігіп кетуі де екіталай. Мектептегі біліммен қоса жан-жақты дамытатын орталықтар көмегі қажет. Осындай білім беру орталықтарының бірі – Ақтөбедегі «Garant». Компания өз қызметін 2015 жылы бастады. Ол кезде бір топ мұғалім репетитор ретінде қызмет атқаратын. 2018 жылы құрылтайшылар тобы заңды тұлға ретінде тіркеліп, білім беру қызметтері атты үлкен нарықта бақ сынамақ болды.

Сол жылы «Garant» білім беру орталығы «Еңбек» бағдарламасы аясында «Сбербанк» арқылы жылына 6%-бен несие алды. Сонымен қатар кепілзаттың жетпейтін бөлігіне «Даму» Қоры 85%-дық кепілдік берді. Нәтижесінде компания білім беру саласында жаңа деңгейге көтерілді.

Қазіргі уақытта компанияда әр оқушыға жеке білім беретін маман оқытушылар мен кураторлар саны жеткілікті. Сонымен қатар сату бөлімі де жұмыс істейді. Қызмет тек ҰБТ-ға дайындық қана емес, университетті сауатты таңдау, болашақ талапкерлерге кәсіби бағдар беру аясында да көрсетіледі.

Сондай-ақ, компания Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына шағын турлар ұйымдастырады. Онда үміткерлер болашақ университетімен жақынырақ таныса алады. Ала төлем жасап, бір жылдық курсты сатып алу кезінде жеңілдіктер қарастырылған. Егер студент грант ала алмаса, онда компания жылдық курстың ақшасын қайтарады. Бұл – білім сапасының жоғары көрсеткішін көрсетеді. Орталықтың ұраны: «Garant» - 100% грант кепілі»

Instagram: garant.aktobe

Телефон: +7 702 285 24 86