info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Көкшетауда «Такси Алем» атты жаңа компания өз жұмысын бастады

Жаңалықтар
07.08.2020

Көкшетауда «Такси Алем» атты жаңа компания өз жұмысын бастады. Жаңа таксопарктің ашылуы - қала тұрғындары үшін тамаша жаңалық, өйткені жеңіл автокөлік санының артуына қарамастан, жыл сайын такси қызметіне деген қажеттілік артып келеді.

ТОО Такси Алем фото 3.jpeg

Жобаны «Такси Алем» ЖШС жүзеге асырады. Таксопарк аумағында жабық паркинг, жөндеу аймағы, көлік жуу және бақылау-өткізу пункті бар. Таксопарк жеке инвестиция мен сондай-ақ банктің қарыз қаражатына ашылды. Жобаны іске асыру үшін Lada Granta Classic маркалы 30 автокөлік сатып алу қажет болды. Компания «Халық Банкі» АҚ-нан 95 млн теңге сомасында несие алды. Даму Қоры жобаны «БЖК 2025» бағдарламасы аясында субсидиялап, кепілдік берді.

«Такси Алем» - диспетчерлік және жеке автокөліктері бар толыққанды қызмет. Жолға шықпас бұрын автомобильдерді тексерумен айналысатын техникалық бөлім бар. Барлық жүргізушілер білікті медицина қызметкерінен рейс алдындағы тексеруден өтеді.

Стандартты, сағатына қарай, «ішімдік ішпейтін жүргізуші» және «Автоняня» секілді бірнеше тарифтері бар. «Автоняня» - бұл балаларын балабақшаға, мектепке, секцияға немесе туыстарына жеткізуге уақыты жоқ бос емес ата-аналарға арналған қызмет. «Такси Алем» жүргізушісі бұл жағдайда баланы толық қауіпсіз жерге жеткізуге, сондай-ақ баланы өтінімде көрсетілген сенімді тұлғаға тапсыруға міндеттенеді.

«Карантин кезінде санитарлық нормаларға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Барлық жүргізушілерге арнайы маскалар берілген. Автокөлік салондары үнемі желдетіліп тұрады. Барлық жүргізушілер жолаушылардың қауіпсіздігін және қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мұқият іріктеуден өтті», - дейді «Такси Алем» ЖШС басшысы Шаримова Әсия Өміртасқызы.

 

Инста @alem_taxi

Сайт http://taxialem.kz/

Көкшетау, Бәйкен Әшімов к, 243/1

+77771156890