info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Салтанаттың сән әлемі

Жаңалықтар
11.08.2020

Фото предпринимателя 2.jpg

Қуаныш Салтанат Қуанышқызы 2019 жылдан бері жеке кәсіпкер ретінде нәпақасын тауып келе жатыр Жастайынан әсемдікке құмар жан өз дизайнымен әйелдер киімін тігу қызметімен айналысады. Кәсіпкер алдымен қажетті жабдық алып іс бастаған. Қажырлы еңбегі мен талантының арқасында тіккен киімдері аз уақыт ішінде тұтынушылардың көңілінен шықты. Сондай-ақ, Instagram бетінде sq_clothes_atelier парақшасы ашылып, кәсіпкердің саудасы интернет арқылы белсенді жұмыс істейді.

PHOTO-2020-08-04-09-18-04.jpg

Шоу-рум (show-Room) сөзі ағылшын тілінен аударғанда, көрсетулерге арналған бөлмені білдіреді. Қазіргі уақытта бұл әлемдік сән индустриясының тренд бағыты, онда бір немесе бірнеше брендтердің соңғы топтамаларының үлгілерін көруге болады. Бір шоу-румдарда мүдделі тараптар қандай да бір дизайнер туралы мәлімет ала алады, ал екінші жағынан – алдын ала тапсырыс қалдырады немесе көтерме сауда жасай алады. Осылайша, Салтанат дайын көйлектер мен костюмдерді Қызылорда қаласындағы unique_showroom шоу - румына, Tisert – Алматы қаласындағы және Brandon – Ақтөбе қаласындағы шоу-румдарға сатуға жібереді. Шоу-рум иелері өз дүкендері арқылы сатады. Бизнесті одан әрі дамыту үшін кәсіпкер жалға алып отырған ателье ғимаратын сатып алмақ болды. Сондай-ақ, жабдықтармен қамтамасыз етіп, болашақ тапсырыстар үшін маталар мен фурнитура сатып алу қажеттігі пайда болды.

Қуаныш Салтанат Қуанышқызы карантин кезінде «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы онлайн құжаттар тапсырып, ғимарат, жабдықтар сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 6% пайыздық мөлшерлемемен несие алды. Сөйтіп 2020 жылдың шілдесінде кәсіпкер ателье ғимаратын сатып алды. Сондай-ақ, жоба бойынша кепілдік жетпегендіктен «Даму» Қоры кепілдік берді.

8 775 765 35 75

Instagram: sq_clothes_atelier.

Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қ. Шұғыла, 26, 68 үй

Даму қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз