info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Көлік иесінен жүк тасымалдаушыға дейінгі жол

Жаңалықтар
20.08.2020

Өскемендік Нұралы Әсет Өнербекұлы жүк көліктерін жалға берумен айналысады. Бұл бағытта 2018 жылдың маусым айынан бері еңбектеніп келеді. Кәсіпкердің меншігінде екі жүк көлігі мен тіркемесі бар. Бұның барлығы аймақтағы әртүрлі құрылыс компанияларына жалға беріледі.

2020 жылдың маусымында кәсіпкер жүк көлік санын арттыру мақсатында «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа жүгінді. Банк «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында SHACMAN камазын сатып алуға 14,5%-бен несие берді. «Даму» Қоры сыйақы мөлшерлемесінің 8,5%-ын субсидиялады. Сонымен қатар, несие сомасының 50%-ына кепіл болды.

«Нұралы» ЖК қазір өзін аймақтың жүк тасымалы нарығында сенімді серіктес ретінде дәлелдеген. Шығыс Қазақстан облысындағы ірі компаниялармен ынтымақтастығын жалғастыруда.

Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ. Бажов көшесі 485/2 

тел. +7 777 748 98 41