info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«MIRANDUS» медициналық орталығы ашылды

Жаңалықтар
10.09.2020

2020 жылы сәуір айында Көкшетау қаласында «MIRANDUS» атты көпсалалы заманауи медицина орталығы ашылды. Орталық басшысы Хабибулина Айгуль Сардарбековна Көкшетау қалалық ауруханасында көп жыл еңбек еткен анестезиолог-дәрігер. Ол жекеменшік медицина орталығын ашуды көптен бері армандаған. 2019 жылдың шілдесінде «MIRANDUS» ЖШС тіркеді. Бірнеше айы жобаны дайындауға, жалға алатын орынды іздеуге кетті.

Мирандус 1.jpeg

2019 жылдың қазан айында кәсіпкер «Нұрбанк» АҚ арқылы жабдық сатып алу үшін несие алды. Банк 5 жыл мерзімге 10 млн теңге берді. Банк талап еткен кепілдігі жетіспеуіне байланысты «Даму» Қоры кәсіпкер 5 960 715 теңгеге кепіл болды. Сонымен қатар, «БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің сыйақы мөлшерлемесін де субсидиялай алды.

Қолына қаражат тиген кезде кәсіпкер:

  • - Диагностикалық ультрадыбыстық аппарат

  • - Кольпоскопиялық аппарат

  • - Электрокардиограф;

  • - Жоғары жиілікті электрохирургиялық аппарат сатып алды.

«MIRANDUS» медицина орталығының негізгі қызмет түрлері: диагностикалық қызметтер, медициналық қызметтер, УДЗ, кеңес беру. Орталықта пульманолог, невропатолог, нейрохирург, кардиолог, ревматолог, эндокринолог, онкохирург, маммолог, гинеколог, гастроэнтеролог, терапевт, УДД, гематолог сияқты мамандар қабылдайды.

Мекенжайы: Көкшетау, Назарбаев 95

Тел. 8(7162) 44-55-04, 8-708-444-55-04

Инстаграм: @mirandus_kokshe