info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Ләззат» кондитерлік цехы. Асханадан астанаға дейін

Жаңалықтар
15.09.2020

Сейітханова Ләззат Серікқызы ас пісірудің шебері. 2007 жылы үйде отырып торт пісіріп, алғашқы тапсырысын қабылдаған күні әлі есінде.

«Көп балалы анамын. Кулинариядан тәтті-дәмділерді жиі әперіп, балалардың торт жеймін деген еркеліктерін күнде көтере беретін кез емес еді. Жұбайым ғана жұмыс істеп, табыс табады. Жалғыз асыраушының табысы анда тартсаң мында жетпей қалатын еді», - дейді Ләззат Серікқызы.

2.jpg

Ас пісіріп сата бастаған күннен бастап-ақ Ләзаттың аты алысқа кетті. Ұқыптылығы, өнімдерге қажетті қоспаларды дәл таңдай білуі, тағамның дәмділігінің арқасында жеке тұлғалар ғана емес, әртүрлі сауда нүктелері де де тапсырыс бере бастады. Сұраныс артуына байланысты 2013 жылы Ләззат Серікқызы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, үй-жайды жалға алып, өзінің аспаздық цехын ашты. 2017 жылы наубайхана қызметінен түскен қаражатын жинап Ләззат Серікқызы Семей қаласының орталығында орналасқан жер телімінде жертөлесі бар екі қабатты коммерциялық ғимараттың құрылысын бастады.

2020 жылы кәсіпкер құрылысты аяқтап, қажет құралдарды сатып алу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 14,25%-бен несие рәсімдеді. Оның оның 5,7%-ын мемлекет «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялады. Кәсіпкер несиесін 8,55%-бен өтейді.
5.jpg

Бүгінгі күні цех: «Курабье», «Павлины», «Колечки», «Песочное», «Лира» атты печеньелер мен тәтті күлшелер «Ләззат» атты жеке таңбалауымен сатылымға шығарылады. Тек Семей қаласы ғана емес, жақын өңірлерде де сұранысқа ие. Болашақта Ләззат Серікқызы бірінші қабатты кондитерлік дүкенге айналдырып, екінші қабатты асхана жасаймын деп жоспарлап отыр. Сәттілік тілейміз!

Цехтың мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Дулатов көшесі, 190 үй

Телефон: 8 775 998 78 26