info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Су — тіршілік көзі

Жаңалықтар
15.10.2020

«Bio Water Group» — «NOMAD» сауда маркасымен бөтелкедегі ауыз су шығарады. 1Компания 0 жылдан бері Маңғыстау облысының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етіп келеді. Өңірдегі өз саласының көшбасшысы.

IMG_1988-13-10-20-04-48.JPG 

Қазір компания бүкіл аймақтың 30%-дан астамына қызмет көрсетеді. Өтінімді операторлар телефон арқылы қабылдап, куръерлер бөтелкеге құйылған суды аталған мекен-жайына, қаланың дүкендері мен супермаркеттеріне жеткізеді. Мұнай кен орындарына да қызмет көрсетеді. Сонымен қатар қалада және облыста орналасқан жеті сауда нүктесінде жұмыс істейді. Компания қала өміріне белсенді қатысып, әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетіп отыруды да ұмытпайды.

2019 жылы компанияға бөтелкедегі су өндірісін кеңейту үшін инвестиция керек болған кезде (бағдарламалық қамтамасыздандыруды сатып алуға) «Forte Bank» АҚ арқылы жылына 15%-бен несие алды. Оның 9%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, ал қалған 6%-ын кәсіпкер төлейді. Сондай-ақ, Қор несие сомасының 50%-ына кепілдік берді.

«Bio Water Group» ЖШС мемлекеттің қолдауымен бөтелкедегі судың сериялық өндірісін жолға қойып, жұмысшылар санын көбейтті.

Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, No1 индустриялық аймақ, 79/2 ғимарат

Байланыс тел: +7 (775-00) 0-14-15

Insta: @nomad.water.aktau