info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Ханзаданың» иесі

Жаңалықтар
16.10.2020

Жас кәсіпкер Досжанов Рүстем Альфредович 2013 жылы «Досжанов» ЖК тіркеп, кәсіпкерлікке қадам басқан. Алдымен Қызылордадағы «Фристайл» сауда үйінен бутик жалға алып, ерлер киімін сата бастады. Бастапқыда делдалдардан, таныстардан киім алып, сатып жүрді. Қазір «Ханзада» атты дүкенінде тек Түркияда шыққан ерлер киімі сатылады.

a73f4e48-51cd-4bd4-96a4-49a413450abb.jpg

Осы жылдар аралығында кәсіпкер тауар түрін көбейтіп, тұрақты клиент жинады. Қалада сапалы киім сататын дүкен аз болғандықтан тұрғындар «Ханзадаға» жиі ат басын бұрады. Рүстем жарнаманы көбінесе Instagram әлеуметтік желісі арқылы жасап отырады.

Кәсіпкерге бизнесін кеңейтіп, айналым қаражатын толықтыру қажет болған кезде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 6%-бен несие алды.

Жас кәсіпкер Досжанов Рүстем бизнесті табысты дамыту үшін ұстанатын лайфхактарымен бөлісті:

  1.  Өз ісіңді жақсы көр,

  2.  Қызметті сапалы көрсет және әр клиентке жеке көңіл бөл,

  3.  Тауар түрін жаңартып отыр, сәннен қалма.

 

Мекенжай: Қызылорда қаласы, ЖК Ер-Ару-1, Желтоқсан көшесі 9.

Телефоны: 8 777 454 36 66

Instagram: @hanzada_kzo