info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласының кәсіпкері мемлекеттік бағдарлама арқылы өнім көлемін арттырып келеді

Жаңалықтар
22.09.2017

Бекберген Әуесжанұлы бөлшек саудадағы кәсіпкерлікпен 1996 жылдан бері айналысады. Өз мақсатына ол кезең-кезеңімен қол жеткізіп келеді. 2011 жылы кәсіпкер жинаған қаражатына алғашқы ұн өндіруші құрал-жабдығын сатып алып, ұн тарта бастады. Ұн 1 және 2 сұрып бойынша өндіріледі және «Ақ-сарай» маркасымен сатылады. Соңғы жылдары табысты жұмыс істей келе және өндірілетін өнімнің сапасын жақсартып, «Ақ-сарай» ұнына тұтынушылар тарапынан сұраныс арта бастады.

Өнім көлемін арттырып, көтерме алушыларды тарту мақсатында кәсіпкер «АТФ Банк» арқылы жылына 14%-бен 150 млн теңге мөлшерінде несие алып, айналым қаражатын толықтырып, негізгі құралдарды сатып алмақ болды.

Мемлекеттік бағдарламаның арқасында 4%-ға дейін мөлшерлемені төмендете алды. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы қалған 10%-ды мемлекет өтейді. Сондай-ақ кепілдіктің жетіспеуіне байланысты, «Даму» Қоры несие сомасының 46% мөлшерінде кепілдік берген.

«Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасының шарттарына сәйкес, кәсіпкерлердің:

Экономиканың басым секторларындағы жобалары;

ИИДМБ-да белгіленген өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларына сәйкес іске асырылатын жобаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.