info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Цин-каз» компаниясының табыс тарихы

Жаңалықтар
06.11.2020

«Цин-Каз» компаниясы 20 жылдан астам уақыт бойы консервіленген азық-түлік өнімдер мен сол өнімге арналған пластик орамалар шығарумен айналысып келеді.

94511_686950_14.jpg

Бір кезде ісін нөлден бастаған кәсіпорын үшін бұл аз уақыт емес. Компанияның өсуі өндірісті үздіксіз жақсарту мен жоғары сапаға негізделген. Нәтижесінде «Цин-Қаз» тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аумағында және одан тыс жерлерде өз саласында көшбасшыға айналды. Компания Ресейге (Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Барнаул, Челябинск, Магнитогорск, Калининград, Белгород, Саратов облысы, Пенза, Ульяновск) тұрақты өнім экспорттайды.

1998 жылы құрылғаннан бастап «Цин-каз» компаниясы соқпақты, соны жолдан өтті. Жаңа өндіріс орны тәулігіне 25 тоннаға дейін қызанақ өнімдерін орап, құятын технологиялық желіні ашты. Табысты даму үшін компания әу бастан заманауи жабдықтар сатып алуға мол инвестиция салып келді.

Компания 2020 жылғы маусымда «Альфа банк» АҚ ЕБ арқылы 14,5%-бен 200 млн теңге несие алды. Даму Қоры «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 8%-ын субсидиялап, кәсіпкерге тек 6,5% ғана қалды.

    Мукашева Алма Сабырбековна_Управляющий директор ТОО Цин-Каз.jpg

Компанияның басқарушы директоры Алма Сабырбекқызы Мұқашева біліктілігі жоғары, жұмыс тәжірибесі мол кәсіби мамандарды іріктеуге көп көңіл бөледі. Табысты командада жақсы білімі бар, шығармашылық көзқарасы бар, жұмыс процесіне жаңа леп әкелуге ниетті жастар аз емес.

Инстаграмм @Tsin.kaz

Сайт: www.tsinkaz.kz

Почта tsinkaz@itte.kz

Телефон: +7 (727) 293-61-50