info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Семейдің ең дәмді сушиі

Жаңалықтар
17.11.2020

Қазір әлем халықтары мен мәдениеттері арасында ешқандай шекара жоқ. Бұрын алыс елдердің ұлттық тағамдары таңсық болса, бүгінде шетке шықпай-ақ дәмін татуға болады. Оның бір мысалы – жапон сушиі. Тек күншығыс елінің топырағын басқандарға ғана нәсіп болған тағам қазір дүниенің әр бұрышында сатылып жатыр.

7-min.jpg

Суджанова Шынар Тілеубекқызы Семейде осы өнімге сұраныстың артқанын байқап, «Ваши суши» атты қоғамдық тамақтандыру франшизасын сатып алып, жалға алған ғимаратта 2016 жылы іс бастады. Алғашқы күннен бастап-ақ өз клиенттеріне өте жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, қол жетімді бағада сапалы тағам ұсынуды мақсат тұтты.

2017 жылы Суджанова Шынар бизнесін кеңейтпек болып, үй-жай жалға алып, екінші сауда орнын ашты. Шынардың дәмханасында негізінен теңіз өнімдері, ролл, Wok қораптарындағы донер, сэндвич, гамбургер, пицца және кеспе сияқты фаст-фуд өнімдері сатылады.

1.jpg

2020 жылы кәсіпкер жалға алып отырған үй-жайлардың бірін сатып алуға шешім қабылдап, «Даму» Қорына жүгінді. Несиені «АТФ Банк» АҚ «Еңбек» бағдарламасы аясында 6%-бен берді. Қор несиенің 37%-ына кепіл болды.

Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Мәңгілік Ел, 17.

Телефон: 8 705 913 90 35, 8 708 213 90 35

Instagram: @vashi_sushi_semey