info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Мемлекеттің субсидиясы құс фабрикасын салуға қалай көмектесті

Жаңалықтар
17.11.2020

Жұмыртқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары санатына жатады. Сондықтан кәсіпорын үшін мемлекеттің қолдауы аса маңызды дейді «Павлодар Құс» ӨК» ЖШС құс фабрикасының директоры Ербол Досыбаев.

Компания өнімі Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Ресей, Ауғанстанда сатылады. Құс фабрикасының құрылысы 2013 жылы басталған. Үш жылдан кейін балапан шайқай бастады. Кәсіпорын 230 мың мекиен тауық пен 63 миллион балапанға шақталған.

«Құс фабрикасының жұмысы үшін заманауи жабдық қажет. Бұл жерде мемлекет пен «Даму» Қорының қолдауы маңызды рөл атқарды. «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 14%-дық несиенің 5,6%-ын субсидиялайды. 8,4%-ын біздің компания төлейді. Соның арқасында «Альфа Банк» ЕБ АҚ арқылы жабдық сатып алуға 300 млн.теңгеден астам ннесие алдық, - дейді Ербол Досыбаев

Кәсіпкер субсидияның арқасында үнемделген қаражатты құстарға екпе салуға пайдаланатынын атап өтті. Алдын алу шараларының арқасында компания коронавирус пен құс тұмауы кезеңінде өндірісті тоқтатпады.

Павлодар облысы, Жетекші ауылы, Целинная 33.

8(7182) 639289, +7705 707 03 00