info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Be Unlimited. Шектеусіз өмір сүр

Жаңалықтар
18.11.2020

Белсенді өмір салты, хобби-спорт, кәсіби спорт. Мұның бәрі денсаулыққа пайдалы екені даусыз. Бірақ жаттығу техникасын білмегендіктен, денсаулыққа күтім жасаймын деп ауыр жарақат алып қалуыңыз да мүмкін. Күнделікті өмірде де жолда тайып кетіп, жуынатын бөлмеде құлап қалып деген сияқты зардап шегіп мамандар көмегіне жүнетін кездер де болады.

DSC02285.jpg

Сауатты ем жасау, әр клиентті жеке қолдау көрсету, кәсіби жаттықтырушы және уақтылы емдеу: бұл сіздің денсаулығыңыздың қалпына келіп, спортқа толыққанды оралудың жалғыз жолы. Спорттағы алғашқы жаттығу міндетті түрде тәжірибелі тәлімгердің бақылауында болуы маңызды. Тек жаттықтырушы ғана жарақаттан дұрыс оңалу жолын көрсете алады. Ал мұндай білікті көмекті екі орталықтың бірі ұсына алмайды.

Be Unlimited жаттығу орталығы жарақаттардан кейінгі оңалтудың барлық кезеңдерінде, созылмалы ауырсыну, сондай-ақ кез-келген санаттағы дене шынықтыру ісіне маманданған. Мұнда кәсіби спортшылар, фитнес-жаттығулар, балалар мен әуесқой ересектерге арналған жаттығулар өтеді.

1.JPG

BeP Unlimited бренді бар «ASP Services» ЖШС басшысы Ринат Абитов тек қана орталық негізін қалаушы ғана емес, дене шынықтыру және сауықтыру жаттықтырушысы, биомеханика маманы. Ринат жәй кәсіпкер ғана емес. Бұл – оның өмірлік хоббиі. 2009 жылдан бастап ол АҚШ, Ресей және Қазақстанның әр түрлі салдағы кәсіби спортшыларымен жұмыс істеді. Назарбаев Университеті Медицина мектебінің спорттық медицина бойынша кеңесшісі, сонымен қатар баскетболдан ерлер мен әйелдер ұлттық құрамаларының кеңесшісі.

ВТБ кәсіпқой баскетбол лигасында Красные Крылия командасында физикалық дайындығы және сауықтыру жаттықтырушысы ретінде тәжірибесі бар, Ұлттық баскетбол ассоциациясының Хьюстон Рокетс және Сан-Антонио Сперс клубтарында тағылымдамадан өтті. «Дене шынықтыру саласындағы BS» жоғары білімі бар, Gray Institute, FDM, ISSA, RTS, NASM, АҚШ-тың Олимпиадалық дайындық орталығының халықаралық сертификаттарына ие, сонымен қатар АҚШ пен Ресейде жыл сайынғы біліктілігін арттырады және жаңа сертификаттар алады. Қосымша сертификаттар: Rocktape MFT, Rocktape Movability, Podiatry School (RF) тапсырыс беруші ортопедиялық табандарға арналған Formthotics сертификаты.

2.JPG

«Мен спортпен айналысқан және жарақаттанған кездегі кәсіби көмек жайлы жақсы білемін. Жас кезімнен бастап белсенді өмір салтын ұстандым, үнемі спорт залдарына баратынмын. Уақыт өте келе мен жаттығу залында көп уақыт өткізетінімді түсіндім, бірақ қалай дұрыс жаттығу керектігі туралы ештеңе білмеймін. Бұл нағыз бапкердің соқпақты жолының басы еді. Белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін мен орталық бірегей жүйе жасап, енгіздім. Ол маған жарақаттан / операциядан кейінгі алғашқы күндерден бастап спортқа толық оралғанға дейін оңалтуға толық қолдау көрсетуге мүмкіндік беред. Біздің қамқорлық көрсететін кәсіби спортшыларымыз хоккей, футбол, баскетбол, ескек есу, жекпе-жек өнері, триатлон, теннис, волейбол, көркем гимнастика және басқа да көптеген спорт түрлерінде өнер көрсетіп жүр. Be Unlimited орталығы – кәсіби және қауіпсіз дайындықтың қолжетімді болғаны. Be Unlimited орталығы ашылмай тұрып, 2016 жылы Training Zone деген жобамыз болды. «Be Unlimited» деген сөз тіркесі ұранымыз еді. Кейін ол ұран жаңа орталықтың атауы болуы керек деген ойға келдік. Бизнесті кеңейту үшін көп жұмыс қажет болды. Бұл жолда менің командам мен жақындарымыздың қолдауы күш берді. Орталықтың жобасын әзірлеу, жоспарлау, жаңарту, іске қосу сияқты барлық процеске бір жарым жылға жуық уақыт кетті. Бизнесті қаржыландыру жағын жоспарлау кезеңінде тікелей «Даму» қорымен жұмыс істей бастадық. Оның нақты көмегі орталықтың құрылуына оң әсер етті»,-деді Ринат Абитов.

DSC01780.jpg

2019 жылдың көктемінде кәсіпкер ғимарат сатып алу және оған жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болған кезде 14%-бен «Центр Кредит банк» АҚ арқылы несие алды. «Даму» қоры сыйақы мөлшерлемесінің 5,7%-ын субсидиялады.

Бүгінгі күні орталықтағы жаттығуларды «Барыс» ХК, «Астана» БК, «Каспий» БК мүшелері, баскетболдан ерлер мен әйелдер ұлттық құрамалары, волейбол, күрес, футболдан ұлттық құрамалардың мүшелері және басқа да ең көрнекті мамандар жүргізеді.

Instagram: be_unlimited_sports_rehab

Веб-сайт: beunlimited.kz