info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Кездесу орны — Global City

Жаңалықтар
18.11.2020

Қарағандылық «Альфарух Logistic» ЖШС салған Global City жобасы үш жылдың ішінде көлік-логистикалық кешенінен, т/ж тұйығы бар қоймалық шаруашылық, жүк терминалы, кросс-доктар мен кедендік қызметтер, бизнес-орталықтары, азық-түлік нарығы мен сауда, ойын-сауық орталықтары бар көп функциялы көтерме-тарату орталығына айналды.

«Көтерме-тарату орталығы (КТО) жайлы ой бизнес иесінде бұрыннан болған. Оған Қытай—Ресей—Батыс Еуропа мен Өзбекстан—Ресейдің (Орал, Сібір) көлік дәліздері қиылысындағы «бір терезе» қағидатына ыңғайлы орын болғандығы, сондай-ақ экспорттаушылар мен импорттаушылардың, сатушылар мен сатып-алушылардың, отандық және шетелдік тауар өндірушілерінің, кіші және ірі бизнестің барлық саласындағы сауда желілері мен ауылшаруашылық өндірушілердің тоқайласуына мүмкіндік молдығы себеп. Құрылыс кезінде осы іспеттес шетелдік бизнес-жобалардың тәжірибесі назарға алынды. Халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, қойма және сауда алаңдарымен қатар, фитосанитария бақылауы бар, тауарларды декларациялау, аудармашылық, банктік және төлеу қызметтері бар кедендік инфрақұрылым құрдық, — дейді коммерциялық директоры Наиль Мунасипов.

1.JPG⁠ 

2017 жылы «Альфарух Logistic» ЖШС өз қаражатымен жұмысты бастап, кейіннен «Қазақстан Халық банкі» АҚ Қарағанды филилалынан 5 жылға «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 13,5%-бен несие алды. «Даму» қоры пайызын ішінара субсидиялады. Нәтижесінде компания тек 6% ғана төлейді.
Бүгінгі күні Global City КТО 60 га жерде орналасқан. Қойма және кедендік инфрақұрылымы бар орталықта климаттық қойма, құрғақ әрі ұзақ мерзімді сақтау қоймасы, теміржол тұйығы, краны бар контейнерлік алаңқай мен рефрижераторларға арналған аймақ, кедендік рәсімдеу орындары бар. Ал сауда инфрақұрылымына сауда-ойын-сауық орталығы, фермерлер базары, 149 сауда павильоны, ет сататын көтерме-бөлшек павильоны, көкөністер мен жемістердің көтерме саудасына арналған кросс-доктар кіреді.

Кешеннің құрылысы мен пайдалануға берілуі тек өңірдің ғана емес, сонымен қатар жалпы Қазақстанның азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 ТОО «Альфарух Logistic»

Байланыс: +7 777 002 48 48

E-mail: info@globalcity.kz

Сайт/E-mail: www.globalcity.kz

Instagram: @globalcity.kz

@globalcity_logistics