info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Red Lain Production» типографиясы кеңейді

Жаңалықтар
19.11.2020

Red Lain Production компаниясы 2011 жылдан бері полиграфия қызметтерін көрсетіп келеді. Қазір клиенттері тұрақты, барлық қажетті жабдықтары бар және ол клиенттерге заманауи баспа әдістерін қолдана отырып, өндірілетін тауарлардың барлық түрін ұсына алатын типографиялардың бірі.

 viz_2.jpg

Қазір компания жедел цифрлық басып шығару және кез-келген күрделі дизайнды әзірлеу деген екі бағытта жұмыс істейді. Негізінен ірі және орта бизнеске қызмет көрсетеді. Өндірістің барлық кезеңінде тапсырыстардың орындалуын бақылайтын тәжірибелі және білікті мамандар жұмыс істейді.

Казморт.jpg 

Red Lain Production ұсынатын қызметтер тізімі:

  •  компанияның бір ізді стилі: логотип пен стиль элементтерін әзірлеу;

  •  есімхаттар: стандартты және дизайн қағаздарындағы визиткалар, әр түрлі өлшемдер, бұрыштарын доғал ету;

  •  полиграфия: буклет, брошюра, каталог, парақша, күнтізбе және т.б.

  •  фототүсіру: имидждік, корпоративті және тауарлық фотография;

  •  кітаптар: мәтіннің макеті және мұқабаның ерекше дизайны, кітаптарды бір данадан басып шығару;

  •  кәдесый өнімдері: логотипі бар корпоратив сыйлықтар.

Жалдау құнынанан құтылатын уақыт келгенде, компания коммерциялық үй-жай сатып алу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ақтау қаласындағы филиалынан 14,25%-бен несие алды. Оның 8%-н мемлекет «БЖК-2020» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы субсидиялайды, ал қалған 6%-ын компания өзі төлейді.
 

Мекенжайы: Маңғыстау обл., Ақтау, 3 ш/а, 8.

Байланыс тел: +7 7292 34-14-05, +7 707 6000 447

Сайт: redlinepro.kz

Insta: redlinepro.kz

E-mail: info@redlinepro.kz