info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Бір пайызбен несие ал да, бизнес аш

Жаңалықтар
20.11.2020

Адам ағзасы 70-80% судан тұрады. Диетологтар дұрыс тамақтануда таза ауыз судың маңызы жоғары екенін айтады. Ал ол су сапалы болуы керек. Соңғы кезде әлем бойынша бөтелкедегі ауыз суды сатып алатын жандар саны күн сайын артып келеді.

«Сауысқан Су» - ағза жұмысында маңызды рөл атқаратын минералды тұздардың толық құрамы бар ауыз су. «Жаңаөзен-Су» компаниясы ауыз суды жер астынан шығарып, 0,5-тен 5,0 литрге дейін ыдысқа құйып, сақтап, жеткізумен айналысады. Қазірдің өзінде компания өз аймағы мен басқа өңір тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.

DSCN1846.JPG

Өндірісті іске қосу және өнімнің сапасын сақтау үшін жабдық сатып алуға қаражат қажет болған кезде компания «Банк ЦентрКредит» АҚ Ақтау қаласындағы филиалында 8,5%-бен несие алды. Оның 7,5%-ын мемлекет «Нұр Капитал» өңірлік даму бағдарламасы аясында субсидиялады. Кәсіпкерге төлеуге тек 1% ғана қалады. Сондай-ақ, кепілзат жетіспеуіне байланысты кәсіпкерге «Даму» Қоры кепілдік берді.

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Үштаған ауылы, Мектеп көшесі, 6 ғимарат

+7 708 661 2523