info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Идеядан арманға дейінгі жол

Жаңалықтар
30.11.2020

Степаненко Елизавета Владимировна 2012 жылы университетті «Дизайн» мамандығы бойынша бітірген соң Семей қаласындағы сұлулық студияларының бірінде салон шебері болып жұмыс бастады.

6.jpg

Еңбекқор Елизавета аз уақыт ішінде Семей қаласы ғана емес, бүкіл Шығыс Қазақстан облысы бойынша перманент макияжының үздігіне айналды. Бірнеше рет перманент макияж бойынша өткен халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

2017 жылы серіктесімен бірге коммерциялық бөлмені жалға алып, «ТЕТ-а-ТЕТ» сұлулық салонын ашты. Онда Елизавета алғаш рет іс басқарудан тәжірибе жинады. 2019 жылға қарай өз арманына қадам басып, дамуға дайын болды.

13 клиент.jpg

Сол жылы мамыр айында жұбайы екеуі ғимаратты жалға алып, өз бетінше әрлеу жұмыстарын жүргізіп, «SkyLi» сұлулық салонын жеке ашты. Қазір бұл салон сұлулық индустриясына тән барлық қызметтер көрсетеді жәні Шығыс Қазақстан облысындағы беделді, бәсекелестерінен оқ бойы озық тұратын орынға айналды. Мамандар үнемі семинар, тренингтерге қатысып, дамып отырады.

2020 жылы Елизавета одан әрі даму үшін осы коммерциялық үй-жайды жеке меншікке сатып алу туралы шешім қабылдады. Сол оймен кәсіпкер «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 14%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында оның тек 6%-ын ғана төлейді. Ал 8%-ын «Даму» қоры өтейді. Сондай-ақ «Даму» қоры кепілдік жетпегенде кепіл болды.

«Идеялы болыңыз. Оны өз өміріңізге айналдырыңыз. Ол туралы ойлаңыз, ол туралы армандаңыз, сонымен өмір сүріңіз. Сіздің ақылыңыз, бұлшық ет, жүйкеңіз, дененің әр бөлігі осы бір идеяға толы болсын. Міне, ол – табысқа апаратын жол», - дейді Елизавета.

Мекенжай: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Уранхаев к-сі, 28

Телефоны: 8 777 240 41 88

Instagram: @skyli_studio