info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Спорт киімдерін тігетін кәсіпорын мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
02.12.2020

Андрей Дегунков 2013 жылы құрған «Альприма» компаниясы спорт киімдері, ресми шараларда спортшылар киетін киімдер, промо киімдер мен корпоратив формаларын тігумен айналысады.

Кәсіпорын сонымен қатар полиграфия өнімдері мен кәдесыйлар, кәсіби фотосуреттер шығарып, дизайнерлік қызмет көрсетеді, аудио және видео жарнама секілді көптеген қызмет түрлерін көрсетеді. Компанияның дизайнерлері «Team KAZ» спорт командасына, «Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының VII Аймақтық спартакиадасына» және Шығыс Қазақстан облысының ұлттық құрамасына (волейбол, жеңіл атлетика, шаңғы, теннис) халықаралық жарыстарға қатысу үшін, сондай-ақ «Торпедо» хоккей командасы үшін жеке стиль әзірледі.

фото 1.jpg

Компания «Титан-магний зауыты» АҚ, «Казцинк» ЖШС, «Orica Қазақстан» ЖШС, «БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ, «Алтай волейбол клубы» ЖШС, «Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы» АҚ-мен жұмыс істейді.

фото 2.jpg

2020 жылдың басында Андрей Дегунков өз бизнесін кеңейту туралы шешім қабылдап, «Даму» қорына бизнеске мемлекеттік қолдау алу туралы кеңес алу үшін жүгінеді. Ал 2020 жылдың сәуірінде жабдық сатып алу үшін «Нұрбанк» АҚ арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 15%-бен несие алды. «Даму» қоры сыйақы мөлшерлемесінің 9%-ын субсидиялады және кепілдік берді.

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Тохтаров к. 40, +7 771 277 55 71, +7 705 530 99 61, электрондық пошта zakaz.alprima@mail.ru инстаграм alprima.kz vkontakte https://vk.com/alprimakz