info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Даму» Қоры мен «Нұрбанк» бірегей жобаны қолдады

Жаңалықтар
03.12.2020

Жеке кәсіпкер Тулин Максим заманауи, көркем әрі декоратив әйнек өңдеу шеберханасын кеңейтуде.

Фото стекл - 6.jpg

Жобаның басты ерекшелігі - кәсіпкер экологиялық таза материалдардан өнім шығарады. Оның ішіне фасет, хромдау, аквапринт, әйнекті декоративті өңдеу, екі қабатты терезелерді құрастыру және өндіру сияқты қызметтер кіреді.

Компания көбінесе ескі технологияны қолдана отырып, металл емес минерал өнімдерден бұйым жасайтын. Қажетті жабдықтар мен білікті кадр жетіспеушілігінен компания өнімді үлкен көлемде шығара алмады. Бұл бұл онша тиімді емес еді. Яғни аз тауар шығару аз кіріс әкеледі, өзін-өзі ақтау қиынға түсетін.

2020 жылы әйнек өңдейтін жабдық сатып алу үшін Максим «Даму» Қорына қолдау сұрап жүгінді. Ал «Нұрбанк» АҚ жобаны қарастыра отырып, 14,5%-бен қаражат берді. Оның 8,5%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, Ннесие сомасының 50% мөлшерін Қор өз кепілдігімен толықтырды.

«Болашақта өнімдерімізде ұлттық нақыштар басым болып, ішкі және сыртқы жағынан ерекше ою-өрнектер түсетін болады» - дейді Максим.

Қазір компания жаңа және жетілдірілген технологиялар, заманауи материалдарды көбірек пайдалануда.

Мекенжайы: Шымкент қ, Әл-Фараби ауданы, Рашидов көш, 27/7

Тел.: +7-701-788-09-80