info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

London-да тіл үйреніп жүр, талай елдің баласы

Жаңалықтар
07.12.2020

Қазір балалардың шет тілін, әсіресе ағылшын тілін білуі өте маңызды. Көп тіл білу – табысқа апарар жол.

Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз Альбина Болатқызы мен Анара Ерболатқызы 2013 жылы «LONDON-EС» ЖШС тіркеп, ағылшын тілін оқыту орталығын ашқан. Оған дейін екеуі ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеген. Алдымен ғағын ғана кабинеттен басталған іс жыл өткен сайын Ақтөбе қаласы шағын аудандарын қамтитын орталықтарға айнала бастады.

2 жылдан кейін қос бойжеткен бизнесті 2 есеге ұлғайтып, керемет жетістіктерге жетті. Тағы 2 жылдан кейін 5 оқу кеңсесі болды. 7 жылдан астам жұмыс істеген уақыт ішінде орталық ағылшын тілін оқытудың коммуникатив британ әдісін қолдана отырып, үздік білім орталығына айналды. Орталықта сертификаты бар жас мамандар жұмыс істейді.

2019 жылы «Даму» қорының қолдауымен «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы несие алып, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ішінара субсидиялай алды. Қаражатты коммерциялық үй-жай сатып алуға жұмсады.

Instagram: Instagram@english_centre_london

Ақтөбе, Тайбеков көшесі 73 А

Телефон: + 7 705 444 22 10