info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Aktau Resort Hotel - курорт мирового класса на побережье Каспийского моря

Жаңалықтар
08.12.2020

«Aktau Resort Hotel» теңіз курорты Каспий теңізінің шығыс бөлігінде, Ақтау қаласының маңында (қала орталығынан 19 км, Ақтау қаласының халықаралық әуежайынан 25 минуттық жерде).

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Aktau Resort Hotel көпфункционалды қонақ үй-туристік кешенінің I-кезегін салу үшін Aktau Tourism City LTD компаниясына жылына 13%-бен несие берді. Оның 7%-ын мемлекет «Даму» Қоры арқылы «БЖК-2025» бағдарламасы аясында субсидиялайды, ал қалған 6%-ы компания еншісінде. Қаражат жабдық сатып алуға және құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмсалды. Мемлекеттік бағдарламаға қатысу «Aktau Tourism City LTD»-ге халықаралық деңгейде қызмет көрсету мен курорт қызметтеріні ұсынудың жаңа деңгейін бағындыруға мүмкіндік берді.

Жаңа қонақ үй-туристік кешеннің құрылысы әлемдік Rixos брендімен «all inclusive» жүйесі бойынша бес жұлдызды сервис ұсынатын, Орталық Азиядағы жалғыз теңіз курортын құруға мүмкіндік берді.

2.JPG

Кешен Каспий теңізінің жағалауына саяхат демалыс та (Каспий теңізі акваториясында, Маңғышлақ түбегі мен Үстірт бойынша саяхаттарды) ұсынады. Қонақ үйде 430 стандарт және 41 люкс бөлме, 30 вилла бар. Сондай-ақ Water World ойын-сауық паркі, Rixy балалар клубы, конференц-залдар, іскерлік және жеке кездесу бөлмелері, швед үстелі мейрамханасы, SPA салоны, спорт алаңдары, бассейндердің бірнеше түрлері және тағы басқалар ұсынылады. Кешеннің айрықша ерекшелігі теңіз суын жылытып, сүзетін жүйесі бар жасанды лагунасында. Яғни, қонақтар ашық теңіз суының температурасы қандай екеніне қарамастан, жағажайда жайлы демала алады.

Мекенжайы: Ақтау қаласы, «Теплый пляж» д/о, №34 учаске

Байланыс тел: +77292217777

Сайт: rixos.com

Инстаграм парақшасы: rixoswaterworldaktau