info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Тараздық кондитердің мемлекеттік бағдарламаға алғысы шексіз

Жаңалықтар
08.12.2020

Семенко Евгения Александровна Таразда он сегіз жылдан бері «Тараз-Сдоба» сауда белгісімен нан-тоқаш және кондитер өнімдерін пісіріп, сатумен айналысады. Өнімдерін шағын және орташа дүкендерге және Тараз қаласы мен Жамбыл облысы бойынша ірі супермаркеттер желісіне (20-дан астам) өткізеді.

Кәсіпкердің былтыр жыл басында «Банк ВТБ» АҚ арқылы алған несиесінің пайызын мемлекет «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ішінара субсидиялады. Сондай-ақ, банк талап еткен кепілзат жетпеген кезде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кепілдік берді.

«Бизнесімізді біртіндеп кеңейте келе, біз қаланы нан-тоқаш және кондитерлік өнімдермен қамтамасыз ету үшін өзіміздің өндірісті кеңейтпек болдық. Бұл жоспарымыз «Даму» Қорының арқасында жүзеге асты. Несие алып жаңа кондитерлік цех салдық», - дейді Евгения Александровна.

43.jpg⁠ 

Евгения Александровна осы жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес. Кәсіпкер өнім өндірісін ұлғайтып, оны Тараз қаласында ғана емес, Республиканың басқа да өңірлерінде сатуды жоспарлап отыр.

 

Тараз қаласы, Қыпшакбаев көшесі, 18

тел.: +7705-913-17-83

Instagram: @taraz_sdoba

Facebook: Пекарня «Тараз Сдоба»