info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Тамақтандыру қызметін жетілдіре отырып «Даму»-мен бірге дамимыз

Жаңалықтар
10.12.2020

Жұмысбасты жандар кейде түскі асты ыдысқа салып алып келеді. Кейбіреулерінде тамақ пісіруге уақыт жоқ, ал басқалары тамақ салынған контейнер тасып жүру ыңғайсыз деп санайды. Тағы біреулер жаңа піскен, буы бұрқыраған түскі асты ұнатады. Ал ақша жинағысы келін жандар дәмхана, асхана есігін ашпайды. Ал бизнес-ланчты жеткізіп беру - кеңсе қызметкерлерінің қолын ұзартады.

   111.jpg

2016 жылы атыраулық Рустам Молдахметов тамақтандыру саласында бизнес бастауға шешім қабылдады. Бастапқыда тұтынушыларға айына 600 тостаған тамақ жеткізіп отырса, бүгінде бұл көрсеткіш айына 5000-5500-ға дейін өсті. Қазір командасында 1-3 санатты үздік аспаздар бар.

Айналым қаражатын толықтыруға қаражат керек болған кезде «FatTime» ЖК «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 14%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының арқасында кәсіпкер 6%-бен ғана өтейді. Айырмасын мемлекет субсидиялайды. Қор несие сомасының 30%-ына кепілдік берді.

«Команданың жетістігі дұрыс құрылған стратегияға байланысты. Біз жыл сайын күрделі тағам түрлерін жаңартуға, клиенттерді көбейтуге тырысамыз. Мемлекеттің нақты қолдауы арқасында біз тек алға ұмтыламыз»,- дейді «FatTime» ЖК жетекшісі Рустам Молдахметов.

инстаграмм: @lana_lunch

байланыс телефоны: 8 701 926 99 94