info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«АгроСтрой» ауылшаруашылығы жабдықтарын шығарады

Жаңалықтар
14.12.2020

Жеке компанияда менеджер болып жұмыс істеген Лидия Швецова 2011 жылы жұбайымен бірлесіп жүк тасымалдау саласында бизнес ашпақ болып, «АгроСтрой» ЖК тіркеді. Ал 2014 жылдан бастап ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді сата бастады. 2015 жылдан бастап жаңа бағыт - топырақ өңдеу және шөп дайындау үшін ауыл шаруашылығы құралдарын жасауға кірісті. Агрегаттарының алғашқы үлгілері сұранысқа ие болып, 2019 жылға қарай компания өнім түрлерін көбейтті.

Биылғы пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде шет елден техника жеткізу қиындап, «АгроСтрой» компаниясы шығарған өнімдерге сұраныс артты. Осыған байланысты кәсіпорын айналым қаражатын толықтырып, қосымша жабдықтар сатып алуға мұқтаж болды.

2020 жылдың көктемінде «АгроСтрой» компаниясы «Банк Центр-Кредит» компаниясы арқылы «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында жылына 6%-бен 40 млн теңге көлемінде несие алды. «Даму» Қоры «БЖК 2025» бағдарламасы аясында несие сомасының 50%-ына кепілдік берді.

Бұл қаражатқа кәсіпорын металды плазмамен кесу машинасын сатып алып, айналым қаражатын толықтырды. Соның арқасында кәсіпорын өндіріс көлемін арттырып, өнімнің өзіндік құнын төмендетті.

«АгроСтрой» өнімдері:

  • Топырақ өңдейтін тырмалар;

  • соқалар;

  • диск түріндегі топырақ өңдеу қондырғылары.

Кәсіпорын жанында ауылшаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектер дүкені жұмыс істейді.

Болашақта компания ауылшаруашылығы саласы үшін энергия үнемдеуші, өнімділігі жоғары құралдар шығаруды көздеп отыр.

Көкшетау, Ш.Уәлиханов көшесі 183 Е

Телефон: 8(7162) 72-16-21, 8-777-874-5551

e-mail: agroa2000@mail.ru

сайт: agrostroi03.kz

инста @agrostroi