info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Жамбыл облысында «Сырлыбай Б.Ә.» ЖК қолдау алды

Жаңалықтар
22.12.2020

«Сырлыбай Бекберген Әуесжанұлы» ЖК 2016 жылдың маусым айында құрылды. Компания «Ақ сарай» және «Наубай» маркаларымен түрлі сұрыпты ұн өндіреді. Сондай-ақ «Жеңеше» жаймасы мен «Слойка» қатпарлы қамырын шығарады.

Компанияның өнімдері дүкендерде және ірі сауда желілерінде сатылады. Елдің көптеген аймақтарында іскерлік байланыстар орнатқан, өнім экспортқа да шығады.

2019 жылы компания ұн орайтын түрік диірмен жабдықтары мен буып-түю аппаратын сатып алуға қолдау көрсету үшін «Даму» Қорына жүгінді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ компанияға «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 14%-бен қарыз берді, оның 7%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Мекенжайы: Жамбыл облысы. Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесі, 6 «А»

Тел: 8-702-994-69-22