info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Талап пен мен еңбекқорлық — табыс кілті

Жаңалықтар
23.12.2020

Қарағанды облысында халық көңілінен шыққан бірнеше құрылыс компаниясы бар. Соның бірі әрі, бірегейі - «Стэка» өндірістік кооперативі.

— «Сонау 90-жылдары, КСРО тараған кезде менің әкем Василий Иванович Свиридов «Старатель» кооперативін құрды. Кооператив басшысы Василий Иванович пен екі көмекшісі алғашында бетон қоршауларды бояумен айналысты. Біздің компанияның құрылыс нарығындағы қызметі осйлай басталды» — дейді Михаил Свиридов.

1994 жылы Василий Свиридов «Старатель» кооперативі «СТЭКА» өндірістік кооперативі» болып өзгерді. Құрылыс тұжырымдамасын әзірлеуден бастап, толық құрылыс жүргізіп, аяқтауға дейінгі аралықта қызмет көрсетуді мақсат тұтты. Құрылысты дер кезінде аяқтап, жұмыс сапасын бақылайтын, техникалық зерттеулер мен құрылыстың техникалық бақылауын жүзеге асыратын дипломды мамандар жиналды.

«Уақыт өте келе әкем бизнес тізгінін маған ұстатты. Компанияның негізгі қызметінен басқа тағы бір бағыт қосылды. Ол  — жолаушылар тасымалы. Бүгінгі күні біз тек құрылыс компаниясы ғана емес, сонымен қатар аймағымыздағы жолаушылар тасымалдайтын компания ретінде де жұмыс істеудеміз»,-дейді Михаил Свиридов.

«СТЭКА» ӨК мен «Даму» Қоры 2011 жылдан бері ынтымақтастықта. 2019 жылы кәсіпкер автопаркін «ПАЗ» маркалы екі автобуспен жаңарту жайлы шешім қабылдады. Аталған екі автобусты сатып алу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 14,25%-бен несие алды. «Бизнестің Жол Картасы-2020» бағдарламасының аясында «Даму» қоры 7,13%-ын субсидияды.

«СТЭКА» ӨК — құрылыс нарығындағы көшбасшы позициясына жеткен тұрақты әрі серпінді дамып келе жатқан көпсалалы компания.

Адрес: Теміртау қ., Бейбітшілік даңғ., 19

Тел: +7 (721-39) 5-29-19