info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Asia MILK сауда белгісімен «AGARGAN» компаниясы өз бизнесін кеңейтуде

Жаңалықтар
24.12.2020

Компания 2014 жылы құрылған. Қазір «Asia Milk» сауда белгісімен сиыр, түйе сүтінен 50-ден 120 тоннаға дейін 42 түрлі өнім шығаратын ірі өндіруші. Өңірде «Asia Milk» өнімдерін білмейтін жан кем де кем. Әсіресе қаймақ, сүт, айран, құрт, сүзбені сөреде ұзақ жатқызбайды.

Сапалы өнім шығаратын кәсіпорында білікті мамандар жұмыс істейді. AGARAN өнімдері облыс, аудан көлемінде ғана емес, Нұрсұлтан, Ақтөбе, Атырау және Қостанай нарығына да жеткізіледі.

Компания мемлекеттік бағдарламаларға жиі қатысып тұрады. «Forte Bank» АҚ филиалы жылына 4,5%-бен 200 млн теңге көлемінде несие берді. Қаражатты компания негізгі құралдарды, сүт өнімдерін шығару бойынша өндірістік қуаттылықты арттыру үшін шикізатты сатып алуға, сондай-ақ ет және ет-өсімдік консервілерін өндіруге жұмсаған. Компания өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОК қолдау «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында да мемлекеттік қолдау алды.  

Жоба аясында 35 жұмыс орны ашылды. Келесі жылы кәсіпорын қуатының артуына байланысты қызметкерлер санын арттыру да жоспарлануда. Ерекше қасиеті мен дәмінің арқасында кәсіпорын Петерфуд көрмесі аясында «Үздік өнім – 2019» номинациясында медаль алды. Сонымен қатар, «Ulttyq ónim» көрмесіне тұрақты қатысып келеді.

www.agargan.kz

asiamilk.agargan (инстаграм парақшасы)

wdosagargan@mail.ru (пошта)

+7 7292 46-86-20, +7 700 731 0031

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауд., Сайын Шапағатов ауылы