info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қарағанды қаласына келді

Жаңалықтар
04.11.2016

1 қараша күні ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, еліміздің 35–ке тарта қаласына барып, қызмет көрсету үшін «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Астанадан жолға шықты. Алғашқы болып Қарағанды қаласының тұрғындары пойызды қарсы алды. Вокзалда шағын митинг ұйымдастырылып, қала әкімі құттықтау сөз сөйлеп, делегацияның жұмысына сәттілік тіледі.

Бұл шараның мақсаты әртүрлі мәдени шаралар ұйымдастыру, медициналық, әлеуметтік, заңгерлік көмек және де кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығымен айналысу бойынша кеңес беру болып табылады.

2 қарашадан бастап пойыз делегациясы өз жұмысын бастап кетті. Халыққа қызмет көрсету «Нұр Отан» партиясының ғимаратында, әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңес қала әкімшілігінің ғимаратында, медициналық қызметтерді №3 алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсету орталығында, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылықты дамыту сұрақтары бойынша аймақтық Кәсіпкерлер палатасы ғимаратында өтті. Кәсіпкерлікті дамыту сұрақтары бойынша «Даму» Қорының қызметкерлері халыққа кеңес беру жұмыстарын жүргізді.

Делегация бүгін 3 қараша күні жастармен кездесу ұйымдастырып, «КазПласт» ЖШС қызметкерлерімен кездесетін болады. Күн соңында Қарағандылықтар пойызды шығарып салады. Келесі бекет - 28 қараша күні Жезқазған қаласында болады. Пойыз республикамыздың 35 қаласы мен ауылдық жерлеріне тоқтайтып болады. Шара соңы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласында 14 желтоқсан күні түйінделеді.