info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Алматылық мүгедек кәсіпкерге «Даму – Көмек» жобасы бойынша демеушілік көмек көрсетілді

Жаңалықтар
28.10.2016

Менің аты-жөнім Серікбаева Күлсімхан Әміртайқызы. Зейнеткер, ІІ топтағы мүгедекпін. 36 жылдам астам білім саласында жұмыс атқардым. Басында бәрі жақсы болды. Жақсы жұмыс, қомақты жалақы, әріптестер мен достардың, оқушылардың құрметі. Әрдайым осылай болады деп ойлайтынмын. Зейнетке шығардан бір ай бұрын онкологиялық сырқатқа шалдыққанымды білдім. 2 ота. Сәулемен емделіп, химиотерапия курсынан әзер өтіп, ұзақ ем алдым. Емделуге 4 жыл кетті. Бүкіл өмірім өткендей...

Бұл - алматылық кәсіпкердің сыры. Ұзақ аурудан соң күйреп кетпей, Күлсімхан Әміртайқызы бір кәсіппен айналысуға бел буған. Сөйтіп, «Даму» қорының «Бизнес-кеңесші» курсына жазылған. 2016 жылдың маусымында ЖК тіркеп, менталды арифметика және ғылыми-техникалық орталық ашуды жоспарлаған. Қазіргі кезде шағын ғимаратты жалға алған. Оқитын 2 топ бар. Несие алмағандықтан шығын материалдары жетіспейді. Сондықтан «Даму - Көмек» жобасымен демеушілік сұрап келген.

«Бір ай өтпей жұмыс үшін 2 ноутбук берді. Қазір үстел іздестірілуде. Қиын жағдайда көмек бергені үшін «Даму» қорының қызметкерлеріне алғыс білдіремін. Бәріне рахмет, денсаулық және сәттілік тілеймін»,-дейді кәсіпкер.