info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Startup Bolashak» байқауы екінші кезеңінің жартылай финал жеңімпаздары анықталды

Жаңалықтар
10.10.2016

Байқаудың екінші кезеңіне өткен қатысушылар:

  1. Айладирова Гулнур Мирамбаевна;
  2. Айтуғанов Қуандықби Керімжанұлы;
  3. Байтимбетов Галым Болатұлы;
  4. Бекпанова Сандугаш Сундетовна;
  5. Бекнур Карина Рустамбеккызы;
  6. Бектурганов Маулен Бахытбекович;
  7. Бердалиев Канат Касымбекович;
  8. Бикбаева Нургуль Дуйсенбаевна;
  9. Билялова Бакыт Аскаровна;
  10. Елемесов Руслан Махмудович;
  11. Жакупов Арыстан Кенесович;
  12. Жантілеу Еркебұлан Бақытұлы;
  13. Жумажанов Даулет Адельтайулы
  14. Исмагулов Даурен Маратович;
  15. Каликбаев Болат Муханбетжанович;
  16. Кенжебаев Темирлан Нурланович;
  17. Ли Алексей Олегович;
  18. Момбаев Адилет Ергалиулы;
  19. Мусабекова Назым Сериковна;
  20. Мухамбетжанова Фариза Мерекеевна;
  21. Нурединов Ержан Ертлеуович;
  22. Рақымжанов Нұржігіт Ғабитұлы;
  23. Садвакасов Габит Асылбекович;
  24. Садыров Жеңіс Жумаханұлы;
  25. Сейтбек Нұрсұлтан Нұрланұлы;
  26. Сейтбекова Нұргүл Сейтбекқызы;
  27. Тастанбеков Диас Бахытжанович;
  28. Тұрмұхамбет Данияр Ұланұлы;
  29. Шәуенов Жақсылық Қасымұлы.

Бизнес-жобаларды іріктеу барысында бизнес-идеялардың жаңалығы мен бірегейлігі, әлеуметтік маңызы, экологиялық әсері және бизнестегі тәжірибесі ескерілді.

Байқау комиссиясының қорытындысы бойынша 29 бизнес-идея таңдалды. Авторлар 17-25 қазан аралығында бизнес-тренинг оқуларынан өтеді. Бизнес-тренингтен өткен соң қатысушылар өз жобаларын қазылар алдында қорғайды. Оның қорытындысы бойынша кем дегенде 10 жеңімпаз анықталып, Бизнес-жоспарлар марафонына қатысады.

Байқау комиссиясының құрамына «Big Four» компаниясының, ұйымдастырушылар, әріптестер, демеушілердің өкілдері кірді.

  • Асхат Жолмырзаев – Байқау комиссиясының төрағасы, «Казинвестбанк» АҚ Басқарушы директоры,
  • Исламбек Қайырбеков – «Даму» Қорының Астана қаласы бойынша филиалының директоры,
  • Назым Оразғұлова – «Qazaq Banki» АҚ Астана қалалық филиалы директорының орынбасары Гүлжамал Исаева – Еуропа Одағы біріккен жобасының менеджері,
  • Марат Шаймарданов – «Верный Капитал» компаниялар тобының инвестициялық басқарушысы
  • Сәкен Жұмашев – әріптес, «KPMG Tax and Advisory LLC» Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқару және тәуекел кеңесі тәжірибесінің жетекшісі
  • Владимир Кононенко – әріптес, Каспий өңіріндегі «Делойт» салық тәжірибесінің жетекшісі
  • Әділ Сыздықов – «Ernst & Young» ЖШС аудиторлық қызмет көрсету тәжірибесі директоры
  • Виктория Давлеткильдеева – «PricewaterhouseCoopers Tax & Advisory LLP» PR-маманы
  • Жанна Прашкевич – «Startup «Bolashak» байқауы екінші кезеңінің тренері, «ИнноMix» ЖШС директоры.

25 шілде мен 23 қыркүйек аралығында «Даму» Қоры және «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастыруымен «Startup Bolashak» байқауының екінші кезеңіне қатысуға өтініштер қабылдана бастаған болатын. Байқауда Қазақстанның түкпір-түкпірінен 18 бен 29 аралығындағы жастар мен 5 адамнан тұратын жобалық топтар өтінім білдірген болатын.

Іс бастаушы кәсіпкерлерден жалпы саны 2 736 өтінім келіп түскен болатын. (пошта арқылы 23 қыркүйектен кеш қалмай жіберілген өтініштердің қорытынды есебі). Ең көп үміткер Алматы қаласында. Мұнда 365 өтінім тіркелген. Екінші орында 350 өтінім берген Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласында 269 іс бастаушы кәсіпкер құжат тапсырса, Түркістанда 81 адам байқауға қатысуға ниет білдірген. Үшінші орында - 290 өтінім қабылдаған Астана қаласы.

Іс бастаушы кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие салалар қатары: өңдеу өнеркәсібі – 701 жоба, ауыл, орман, балық шаруашылығы – 310 өтінім, білім беру – 227 өтінім, ақпарат және байланыс – 222 өтінім болды.

I орын – 7 млн теңге, II орын – 6 млн теңге, III орын – 5 млн теңге. Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму Бағдарламасының «жасыл экономика» саласындағы стартаптарын жүзеге асыру үшін 15 млн теңге гранттары да берілетін еді.

Байқауды ұйымдастырушылар мен әріптестер: «Болашақ» қауымдастығы, «Даму» Қоры, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму Бағдарламасы.

Демеушілер: «KazInvestBank» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ.