info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында 11 жоба қолдау алды

Жаңалықтар
06.11.2017

Жобалар жүк тасымалдау, білім беру, денсаулық сақтау сауда секілді әртүрлі салалардан. Шахтинск, Абай, Жезқазған және Қарағанды қалаларында жобалар жүзеге асады.

Олардың ішінде Жезқазған қаласындағы балабақшаға тоқтала кеткіміз келеді.

Нұргүл Хасенова мемлекеттік жаңа бағдарлама бойынша несиені төмен пайыздық мөлшерлемемен алу мүмкіндігі барын біліп, несие алуға бел буған. Барлық тиісті құжаттарын жинап, банкке өткізеді.

Несие алу үшін кепілзаты жетпегендіктен «Даму» қорының кепілдемесіне өтініш береді. «Даму» Қоры мен Банк өтінішін мақұлдап, енді жақында Жезқазған қаласында 120 орындық жаңа балабақша ашпақшы. Балабақшада осы заманға сай тәрбие білім беру мен бала күтімі үшін барлық жағдай жасалған. Балабақшамен бірге жаңа жұмыс орындары да пайда болады.

Естеріңізге сала кетсек, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 6%-бен берілетін несие кәсіпкерлерге өте тиімді. Несиенің ең жоғарғы сомасы 8000 АЕК немесе 18 млн теңге. Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін бұл - жұмыс орындарын ашу, бизнесті енді бастағандарға – кәсіпкерлік негіздері жайында оқу өту жайында талап қойылады.

aБағдарламаға салалық шектеу жоқ. Тек бизнесі бар кәсіпкерлерге сауда саласына ғана шектеу бар. Толық ақпарат алу үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келу керек. Мекен-жайы Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34а Grey Plaza бизнес орталығы. Телефон арқылы байланыс 8(7212)55-90-20 электронды пошта: damu_cop_krg@mail.ru