info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Даму Оптима» бағдарламасы бойынша бірінші мақұлданған жоба - Қостанай аймағында

Жаңалықтар
30.09.2016

Қостанай қаласының кәсіпкері Анар Бекішева көп жылдан бері көтерме және бөлшек сауда саласында жұмыс істеп келеді. Алайда қызмет саласы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шарттарына сәйкес келмегендіктен, мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатыса алмаған еді. 

Анар қаржы алу үшін Еуразиялық банкке келді. Қор мен Банктің бірлескен келіссөздері барысында клиентке Қордың «Даму Оптима» кепілдемесі ұсынылды. Бұл кепілдік экономиканың басым секторына жатпайтын кәсіпкерлерге арналған.

Кепіл көмегімен кәсіпкерге 30 млн теңге сомасында жоба мақұлданды. Бұл қаржыға Анар өз қаржы айналымын өсіру мақсатында, дүкендегі құрылыс материалдарының түрін көбейтуді жоспарлап отыр.

Сауда, шаштараз, монша, үй-жайларды жалға беру қызметін көрсету саласында қызмет көрсететін және тағы басқа да экономиканың басым секторына жатпайтын кәсіпкерлер, бұл өнім сіз үшін шығарылған! Қордың «Даму Оптима» кепілі сіздің Банкке қаржы алуыңыз барысында кепіл жетіспеушілік мәселесін шешеді.