info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Кәсіпкер осы уақытқа дейін жалдап келген ғимаратты «Даму» Қорының көмегімен сатып алды

Жаңалықтар
28.09.2016

Эльмира Мендіғазиева – көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер. Дүниеге немересі келген соң балабақша бизнесі жайлы ой келген.

Ағымдағы жылдың көктемінде «Айлин» балабақшасын ашуға жалпы көлемі 668 шаршы метр болатын ғимаратты жалға алды. Қыркүйек айында Аймақтық үйлестіру кеңесі оң шешім шығарды. Кәсіпкер қарыз алған қаражатқа бұрын жалға алған ғимаратты сатып алды.

«Айлин» толық жабдықталған, ең заманауи интерактивтік құрал-жабдықтары бар. Бір жастан бес жасқа дейін 130 баланы қамти алады.

Біздің қалада мұндай жастағы балаларды тәулік бойы қарайтын балабақша аз. Бұл жобаға өз қаражатымды салуға шештім. Меніңше, бұл – ең дұрыс салым. Өйткені жас аналардың жұмыс істеп, мансап қууына, өмірде биіктерді бағындыруға ұмтылатынын жақсы түсінемін. Алайда бұл іс жүзінде мүмкін емес. Мемлекеттік балабақшада кезек күтуге көп уақыт керек. Менің ойымша, бұл бизнес жас ата-аналар үшін жақсы демеу,-дейді бала-бақша директоры Эльмира Мендіғазиева.

Алайда балабақшаның ең басты ерекшелігі - баланы демалыс күндері балабақшаға қалдыру мүмкіндігі. Сондай-ақ ата-аналар бірнеше күнге кәсіби тәрбишілердің қамқорлығына да қалдыра алады.

«Айлин» балабақшасы тәулік бойында, сондай-ақ мереке және демалыс күндерінде жұмыс жасай береді. Әр баланың өзінің төсегі мен шкафы бар. Кейбір балаларға бұл бақша екінші үйі болып кетті. Біз сәбилерді қаланың барлық аудандарынан қабылдай береміз,-деді Эльмира Мендіғазиева.

Бала бақшаның педагогикалық ұжымы балаларды рухани, эстетикалық, және шығармашылық жағынан дамытуға ерекше назар аударады. Ерте жастан бастап үш тілде –қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне үйретеді. Тәрбиешілердің өте көп әдістемелік құралдары бар. Соның арқасында балалардың ойлау, шығармашылық белсенділігі және сөйлеу дағдысы жақсы дамиды. Балабақшада әр баланы жүзуге үйретеді. Бұл үшін арнайы жабдықталған бассейн және балалармен айналысатын жүзу бойынша жаттықтырушы бар.