info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Атырау облысында отбасылық бизнес дамып келеді

Жаңалықтар
07.09.2016

Бүгінгі таңда Атырау облысында отбасылық бизнесті дамыту - кәсіпкерлікті дамытудың табысты формасы болып келеді.

«Зинуллиева» ЖК жетекшісі Рахила Зинуллиева отбасылық бизнесін ұлымен бірге техникалық қызмет көрсету стансасынан бастаған болатын. Кейіннен 2013 жылы өз қаражатына жән «Даму» КДҚ АҚ мемлекеттік бағдаламасы арқылы «Халық Банкінен» несие алып, қойма жайлары, көлік жуу орындары, жұмысшылар жатақханасының және кеңсе құрылысын да аяқтады.

Өз кәсібін кеңейту мақсатында Зинуллиева Р. «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы мемлекеттік бағдарламамен 17% мөлшерлемемен 140 млн тенге көлемінде несие алып, «Даму» қорының кепілдемесіне де қол жеткізді. Кепілдеме сомасы 52,1 млн теңгені құраса, 17%-дың 7%-ын мемлекет субсидиялады. Болашақта 8 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.