info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Таразда жыл сайын 300 мың дана отандық аяқ киім шығарылып жатыр

Жаңалықтар
24.08.2016

Жамбыл облысындағы ең үлкен комбинаттардың бірінде аяқ киім өндірісі жолға қойылған. Мұндағы бүкіл өнім табиғи тері мен былғарыдан жасалады.

Аяқ киім фабрикасы 2002 жылы ашылған. Мекемеде 120 адам қызмет етеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында зауыт құрал-жабдықтарын жаңартып, Германиядан гидрофобты тері өңдейтін технология сатып алып, игере бастады. Барлық өнім жергілікті шикізаттан жасалады.

Кәсіпорында өзінің аяқ киім және былғары цехтары бар. Грек елінің тәжірибелі дизайнері фабрикадағы өндірілетін өнім сапасын жақсартуға жәрдем беруде. Барлық аяқ киім үлгілері тиісті стандарттарға сәйкес әзірленуде. Жобаны «ТаразКожОбувь» компаниясы жүзеге асыруда. Кәсіпорын жылына 300 мың дана аяқ киім шығарады. Әскерге және әлеуетті құрылымдарға арналған, арнайы аяқ киімдер де бар. Бүгінгі күні әйелдерге арналған аяқ киім өндірісі жоспарлануда. Осы отандық өнімдерді кәсіпорын жанындағы арнайы дүкеннен сатып алуға болады.

Айта кетерлігі «ТаразКожОбувь» ЖШС Мемлекеттік «Бизнестің жол картасы 2020» біріңғай бағдарламасы шеңберінде 1 млрд теңгеден астам сомаға несие алды. Пайыздық үстеме 12% болса оның 5%-ын «Даму» кәсіпкерлік дамыту Қоры» ішінара субсидиялап, қалғанын мекеме өзі жабуда.