info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Білім күні Ақтөбеде жаңа 1200 орындық мектеп ашылды

Жаңалықтар
09.09.2021

1 қыркүйек күні Ақтөбе қаласының Батыс шағын ауданында «Білім» мектебі ашылды.

Дизайн без названия.png

Мектеп жеке инвестор-кәсіпкер Зәмзәгүл Баймағамбетованың бастамасымен салынған. Білім беру мекемесінің аумағы 2,6 га. Мұнда 48 оқу кабинеті, бес компьютер сыныбы, екі шеберхана, 560 орындық акт залы, екі медицина кабинеті және т.б бөлімдер орналасқан.

Оқушылар он тіл үйренеді. Сабақтан соң үйірме, ұзартылған күн тобы бар. Жоба бойынша бір ауысымда 1200 оқушы сыяды. Мемлекеттік тапсырыс арқылы оқу тегін. Бұл Ақтөбе облысында жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясындағы алғашқы жоба.

Жобасын жүзеге асыру үшін Зәмзәгүл Хамитқызы ForteBank АҚ Ақтөбе филиалы арқылы 15%-бен несие алды. Оның 9%-ын «Даму» Қоры «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында субсидиялайды. Кәсіпкер қалған 6%-ын ғана төлейді.

«Білім» мектебі ашылуының арқасында балалар үш ауысымда оқитын «Батыс» ықшамауданындағы екі мектептің бірінің жүктемесі азайды, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етті.

Ақтөбе қаласы, Батыс 2 ықшамауданы. Халел Досмұхамедұлы көшесі 6 В

+7 777 185 57 21

Инстаграмм: @bilim_aktobe_04