info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Фирмалық күлшелерден бастап өз франшизасын сатуға дейінгі жетістік

Жаңалықтар
10.06.2016

Павлодарда «Крендель» фирмасын кез-келген тұрғын біледі. Ал «Крендель» франшизасы – танымалдылықтың кепілі.


Танымалдықтың іргетасы 1995 жылы екі ұн мен бір қап қантпен қалған болатын. Жұмыстан қысқарып қалған Павлодарлық кәсіби кондитер Зинаида Пархоменко шарасыздықтан күлше пісіріп сатуға кіріседі. Сол уақытта оның өз рецепттерімен пісірілген тәтті-дәмділердің жұртқа жағып, сұраныс көбейіп, наубайхана ашуға дейін жетелейді деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Әу баста асхананы жалға алып жұмыс істеген кондитер қазір өз наубайханасы, кофеханасы, кондитер цехы бар 200-ден астам тәтті түрін шығаратын компанияға иелік етіп отыр.

  

Өңдеу өнеркәсібін қолдау түріндегі мемлекеттік қолдау компанияның іргесін кеңейтуге мүмкіндік берді. 300 миллион теңгеден астам қаржы цехты құруға және жабдықтарды сатып алуға жұмсалды.



«Крендель» - Қазақстанда өз франшизасын сатуға дайын аз компаниялардың бірі. «Даму» Қорынын франчайзинг жобаларды қаржыландыру бағдарламасы арқасында франшиза сатып алуға барынша қолжетімді болды. Соның арқасында бүгінде Астана мен Екібастұздың өз «Кренделі» бар