info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Даму» Қорынан қолдау тапқан Шымкенттік «Эксперт Cert» компаниясы салынып жатқан нысандарға зерттеу, сараптама жүргізеді және құрылыс материалдарының талапқа және мемлекеттік стандартқа сәйкестігін, құрамын анықтайды.

Жаңалықтар
07.06.2016

«Даму» Қорынан қолдау тапқан Шымкенттік «Эксперт Cert» компаниясы екі жылдан бері салынып жатқан нысандарға зерттеу, сараптама жүргізеді және құрылыс материалдарының талапқа және мемлекеттік стандартқа сәйкестігін және құрамын анықтайды.


«Эксперт Cert Startup» Компаниясы нарықта 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл компанияның мамандары тәжірибелі технологтар және өз ісін білетін, тиісті білімі, 10-20 жылдық тәжірибесі бар сарапшылар.

- «Біздің компания тәжірибелік сараптамалар жүргізетін аккредиттацияланған аз компаниялардың бірі»,-дейді кәсіпкер. «Аталған қызмет түрлерін көрсету үшін, материалды-техникалық база, білікті мамандар, арнайы құрылғылар қажет, кейбіреулерін ғылыми институттардан тапсырыспен алдырамыз, онсыз нысандардың сараптамасын сапалы жүргізу мүмкін емес».

Тәжірибелі сынақ ұйымдастыруға және оны құрал-жабдықтармен жабдықтауға жеке қаражат жеткіліксіз болды, «Эксперт Cert» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалына және RBK Банкіне жүгінеді.

Компанияның бірегей және игі жобасы қабылданды. Алайда 20,0 млн теңге несие алу үшін кепіл жеткіліксіз болды. Кепіл жеткіліксіздігі де шешімін тапты. «Даму» Қоры кепілдің жеткіліксіз бөлігін немесе несие сомасынан 35% ұсынды.

Қазіргі таңда штатта құрылыс материалдарына, нысандарды салуда қолданылатын негізінен топырақ, бетон, қиыршық тастарға талдау, сараптама және әртүрлі сынақтар жүргізетін 5 тәжірибелі қызметкер бар. Мамандар қорытынды бойынша материалдарды сынау хаттамасын толтырады.

Компания бүкіл оңтүстік аймақ бойынша жұмыс жасайды, Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларының құрылыс компанияларымен келісім-шартқа отырған, дәл қазіргі уақытта Эксперт Cert Шымкент қаласындағы «Асар» жаңа шағын ауданын салынып жатқан тұрғын үйлерге зерттеу жүргізіп жатыр.