info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Шетпе кентінде мемлекеттік қолдаудың арқасында Медициналық орталық ашылды

Жаңалықтар
12.05.2016

27 сәуірде Шетпе кентінде Медициналық орталықтың салтанатты ашылуы өтті. Орталық басшысы, медицина саласындағы 13 жыл тәжірибесі бар, аудандық ауруханада хирург лауазымында ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген, Маңғыстау облысының Шетпе ауылындағы жеке кәсіпкер - Байқадам Кусимбаев. 2015 жылы Байқадам Кусимбаев өзінің туған ауылы Шетпе кентінен медициналық орталық ашу туралы шешім қабылдайды. Бұл идея кәсіпкерлерге ауданда ауыл тұрғындарына қажетті медициналық шараларды жасау мүмкіндігі болмағандықтан, облыс орталығына қатынап, көп шығынға ұшырағандықтан туындады.


Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбае впен Маңғыстау облысының ардагер оқытушысы Рашид Нұртілеуов ашылу салтанатында қызыл лента қиды.


Байқадам Кусимбаев несие алу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ келіп, банктің оң шешімінен соң, Өңірлік үйлестіру кеңесінің мүшелері «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасының барлық шарттарына сай келгенін ескере отырып, 14% мөлшерлемемен мақұлданған несиенің 10% сыйақы мөлшерлемесін субсиядалады, кәсіпкер тек 4% сыйақыны төлейді. Сондай-ақ, кепілдігі жетіспеуіне байланысты «Даму» қорынан 85% - ға дейін кепілдік берілді.

Медициналық орталықта тәжірибесі мол терапевт, ультрадыбыс, хирург, педиатр және медициналық оқу орындарының түлектері жұмыс істейді. Медициналық орталықтың ашылуы Шетпе ауылының тұрғындарының уақыты мен қаржысын үнемдеп, сапалы медициналық қызмет алуға үлкен мүмкіншілік туғызды.