info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Астана қаласында отандық тауарлардың «Қазақстанда жасалған» көрмесіне Батыс Қазақстандық компаниялар да қатысып қайтты

Жаңалықтар
18.05.2016

a:2:{s:4:"TEXT";s:66001:"

Батыс Қазақстандық 9 кәсіпорын Астана қаласында отандық тауарлардың көрмесіне өз өнімдерін ұсынды.


«Қазақстанда жасалған» көрмесінің мақсаты - мемлекеттік қолдауды пайдаланған отандық өндірушілердң насихаттау.


Батыс Қазақстан облысынынан қатысқан екі компания «Белес-Агро» ЖШС және «Батыс Қазақстан құрылыс материалдар корпорация» АҚ номинанттар қатарына кіріп, құрмет грамоталарымен марапатталды.


«Белес-Агро» ЖШС - 40000 тонна астықты бір мезгілде сақтау мүмкіндігі бар ұн-жарма комбинаты. Кәсіпорын 2005 жылы Ростоши астық қабылдау кәсіпорын жанында ұйымдастырылған. Ал 2010 жылы сала бойынша әлемдік көшбасшы «Buhler» швейцария-неміс фирмасының қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған диірмен ашылған. «Белес» брендімен шығарылған ұн және басқа да өнімдер аймақ нарығында, сондай-ақ шетелдік тұтынушылардың сеніміне ие.


«Батыс Қазақстан құрылыс материал корпорациясы» АҚ құрылыста пайдаланатын материалдарды (силикат кірпіштер, құрғақ құрылыс қоспалар, ұялы бетон, әк және т.б) шығаруға маманданған Қазақстанның батыс аймағы бойынша ең көне, қырық жылдан астам тарихы бар кәсіпорын болып саналады.


«Ашығалиев Сержан Саматович» ЖК Қаратөбе ауданында ауыз су өндіреді. Тышқантай табиғи көзінен алынған су біздің облыс пен одан тыс жерлердегі клиенттерін жаулап алды.


«Завод плюс» ЖШС - арнайы киімдерді, арнайы аяқ киім,тыныс алу органдарын қорғау құралдарын, ЖКҚ көру, бекіту бұйымдарын өндіруге бағытталған отандық, көп салалы кәсіпорын. «Завод плюс» ЖШС өз өндірістік нысандарын пайдалану арқылы және тиімді таңдалған жергілікті қызметкерлер бар отандық өндірісті қарқынды дамытуда.


Қазіргі таңда «Оралагрореммаш» АҚ өз клиенттеріне тауарлар мен қызметтерді кең түрде ұсынып отыр. Зауытта автоцистерналар, тіркемелі құю техникасы, жартылай тіркемелер, өрт сөндіру және коммуналдық техника, металл конструкция түрлері, евроконтейнер үшін ҚТҚ көлемі 0,24; 0,36 1,1 м3 бар. Және де Батыс Қазақстан нарығында антикоррозиялық жабын: ыстықтай мырыштау, қыздармай мырыштау және құрамында мырыш бар лак тәріздес жабынмен тозаңдату үлкен сұранысқа ие.


«KazConstructionGroup» ЖШС БҚО бойынша жетекші құрылыс компаниялардың бірі. Компания өнеркәсіптік және жеке объектілерін салу және құрылыс материалдарын өндіреді. «KazConstructionGroup» ЖШС 2011 жылдың қаңтар айынан бастап полиэтиленді жоғары қысым құбырларын шығаратын зауытты пайдалануға берді.


«Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС сумен жабдықтауға, газбен жабдықтауға арналған полиэтилен құбырлар, телекоммуникация, өнеркәсіптік құбырларларын, сондай-ақ метал жабын, бедерленген тақталар, қосымша элементтер, пластмассадан жасалған жол белгілерін және халық тұтынатын тауарлар шығарумен айналысады. Кәсіпорында полиэтиленнен жасалған қысым құбырларын өндірудің технологиялық процестерін орындау үшін KraussMaffeiBerstoff (Германия) фирмасының диаметрі 20 дан 1600 мм ға дейін алты экструзионды желілер бар. Диаметрі 1600 мм болатын полиэтилен құбырларын шығаратын Қазақстандағы жалғыз зауыт болып саналады.


«Women Art Дизайн» шығармашылық тобы 2000 жылы өз қызметін бастады. Топ құрамына Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшелері: Алексеева Раиса, Брикс Наталья, Ермеккалалиева Марина кіреді. Суреттер мен гобелендер Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне және ұлттық сәндік- қолданбалы өнер және дизайнға негізделген. Мәселен, олардың үздік сәндік орындаулардың бірі «Тұмар» панелі-қазақтың ұлттық бойтұмарын жаңғыртқандай.