info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Павлодарда іс бастаушы жас кәсіпкердің жобасы жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде қолдау алды

Жаңалықтар
15.01.2018

Іс бастаушы жас кәсіпкер Баталова Зухра Серікқызы, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша несие алды.

Зухра алдымен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына кеңес алу үшін келген. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджері Мадина Баденова қазіргі кездегі ең танымал бағдарлама - Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын ұсынды.

«Нұрбанк» АҚ желтоқсан айында Баталова Зухраның жобасы бойынша оң шешім қабылдады. 10 млн теңге мөлшеріндегі несие айналым қаражатын толықтыруға бағытталды, ал «Даму» Қоры кепілдік берді.

            Кәсіпкер қаражатқа сағаттар мен зергерлік әшекейлер сататын бутик ашты.