info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры Атырау аймақтық филиалы 2017 жылды қорытындылады

Жаңалықтар
16.01.2018

         «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы Атырау облысында 69,963 млрд теңге көлемінде 527 жоба мемлекет тарапынан субсидия алды. Оның ішінде 2017 жылы 10,517 млрд теңгелік 175 жобаның субсидиялау келісім шартына қол қойылды.

Ең көп жоба Жылыой ауданы және  Атырау қалаcында. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Атырау қаласында субсидиялау бойынша «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ белсенді.

Бірыңғай бағдарлама аясында аймақтарда несие сомасы 7,117 млрд теңге болатын 273 жоба  3,266 млрд теңге кепілдікке ие болды. Оның ішінде 2017 жылы жалпы несие сомасы  2 401,8 млн теңге құрайтын  109 жобаға кепілдік берілді. Кепіл сомасы 2017 жылы 1,333 млн теңгені құрады.  

             2016 жылы кәсіпкерлерді қаржыландыруға 500 млн теңге (250 млн – Қор, 250 млн - Әкімдік) облыс әкімдігімен бірлесе іске асырылған «Алтын Кеме» аймақтық қаржыландыру бағдарламасына бөлінді. Бұл бағдарлама бойынша ауылдық және ауылдық округ кәсіпкерлеріне басымдық  берілді. Кәсіпкерлер үшін сыйақы мөлшері 8,5 %-дан асқан жоқ.

Аталған бағдарламаның сәтті  жүзеге асырылуын ескеріп, 2017 жылы сәуір айында мәслихат шешімімен Әкімдік тарапынан қосымша 250 млн теңге және Қор тарапынан 250 млн теңге, жалпы көлемде 500 млн теңге екінші деңгейлі 3 банкке: «Форте Банк» АҚ – 200 млн теңге, «АТФ» АҚ – 100 млн теңге, «Нұр Банк» АҚ – 200 млн теңге салынды. Басымдық Атырау облысының әйел кәсіпкерлеріне берілді. 01.01.2018 жылғы есеп бойынша 233 млн теңге көлемінде 10 жоба қаржыланды.

           2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте субсидияға 10,7 млрд теңге қарастырылды. 2018 жылға 300 мың шаршы метр деңгейінде  тұрғын үй салыну жоспарланды. 2017 жылы   «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Қор арқылы 1 жоба 300 млн тенге көлемінде субсидияланды.

          Өз бетімен жұмысқа тұру мүмкіндігін кеңейту немесе өз ісін ашу үшін еңбек ресурстарының құзіреттілігін арттыру жолы арқылы еңбек нарығын жаңғыртуды мақсат тұтатын «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру аясында 232,5 млн теңге сомасында 24 жоба қаржыландырылды.

          Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бағытында «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша жыл басынан Атырау облысында «Назарбаев Университеті» Жоғары бизнес мектебінде  шағын және орта бизнес компанияларының 17 топ-менеджерлері оқудан өтті.

         Атырау мемлекеттік Х.Досмұхамедов атындағы университетінде «Startup Академиясы» жобасы аясында 124 адам оқыды. Оның ішінде  жаңа ісін бастаған 9 кәсіпкер екінші деңгейлі банк арқылы несие алды.

        «Жаңа бизнесті ашуға қолдау» жобасы бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап  ісін жаңа бастаған 85 кәсіпкерлер оқытылып, оның 15 жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелді. Оның үшеуі мемлекеттік қолдауға ие болып, өсімдік шаруашылығы сферасында және басқа қызмет көресету бойынша өз істерін ашты.

         2017 жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 3446 кеңес беріліп, КҚКО кеңесшілерімен банкке дейін 196 жоба жіберіліп, қаржыланды.