info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Шыны жуғыш сұйықтық, антифриз шығаратын отандық компания

Жаңалықтар
14.07.2023

«RITS GROUP» ЖШС – «Снежинка» брендімен аязда қатпайтын жуғыш сұйықтықтар желісін 2014 жылдан бастап шығарып келеді. Компанияның әйнек жуғыш сұйықтықтар мен антифриздер отандық және шетелдік өндірушілердің жоғары сұрыпты шикізатынан, заманауи жабдықта дайындалады. Дайын өнімнің сапасы сәйкестік сертификаттары, сәйкестік декларациялары, қауіпсіздік паспорттары, тауардың барлық түрлеріне сынау хаттамалары және т.б. сияқты құжаттармен дәлелденген.

Шығатын өнім сапасын тәуелсіз аккредитті зертханалар, ҚР жетекші сынақ орталықтары тексереді.

2022 жылы «RITS GROUP» ЖШС компаниясы өз брендімен жеке белгісі бар антифриздер өндіруді бастады. Мамандығы бойынша химик-технолог және компания директоры – Мишура Юлия Витальевна инвестиция мен айналым қаражатын толықтыру қажет болғанда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алып, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының субсидиясын пайдаланды.

«RITS GROUP» ЖШС өндірісі Алматы облысында, ауданы 1 гектар аумақта, Қарасай ауданында орналасқан. Өнеркәсіп цехы 1200 шаршы метрді құрайды.

Алматы облысы, Қаскелең қаласы, 203 е/о, 4706-ғимарат

Тел.: +7 747 676 09 27

Сайт: ritsgroup.kz

Instagram: @ritsgroup.kz