info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

ZEIN INVEST – зейініңіз ашылсын

Жаңалықтар
16.08.2023

«ZEIN INVEST» ЖШС 2014 жылы құрылған. Компанияның миссиясы – еліміздің медицинасына жаңа технологияларды енгізу және ұлт денсаулығын жақсарту, жалпы әлемдік медициналық қоғамдастықта қазақстандық денсаулық сақтау жүйесіне жәрдемдесу.

ZEIN INVEST қызметінің бағыттары:

  • Медициналық жабдық сату;

  • Медициналық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және қолдау;

  • Медициналық мекемелер салу;

  • Медициналық мекемелерді басқару;

  • IT және денсаулық сақтаудың цифрлық шешімдерін әзірлеу.

2021 жылы компания МРТ және КТ қызметтерін ұсынып, филиалдар желісін белсенді түрде кеңейтіп келеді.

Соның нәтижесінде 2022 жылы Петропавл қаласында екі кабинет ашылды. Оларды медициналық жабдықтармен жарақтандыру үшін банктен 19,5%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оны компания 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Қазіргі уақытта, ZEIN INVEST өткізген зерттеулер саны 16 000-нан асты. Процедуралар заманауи жоғары технологиялық GE Healthcare компанияның жабдықтарында сәулелік диагностиканың тәжірибелі дәрігерлерімен жасалады.

Петропавл қ., Әуезов к-сі, 133 к А; Театральная көшесі 49а

Тел: +7 771 029 00 33, +7 7152 50-19-53

ww.zein.kz

Instagram: @zein_diagnostic