info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Мұраға қалдыруға жарайтын сапа

Жаңалықтар
29.08.2023

Мұраға қалдыруға болатын сапалы киімдер. Бұл – 10 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «ЛитлПипл» компаниясының философиясы.

Кәсіпкер Нина Барабанова бизнесті балалар киімін сатудан бастағанымен, кейіннен «Lovelove» және «Come en baby» брендімен қыздар аксессуарлар мен киімдер шығара бастады.

«LoveLove» – қыздарға арналған сүйкімді, нәзік және романтикалық топтама, ал «Come en baby» – бұл рок деп аталатын нәзіктік пен ерекшеленіп тұру арасындағы киім топтамасы.

«ЛитлПипл» компаниясының бұл брендтеріне 2 жыл ғана толғанына қарамастан, осы уақыт ішінде олар Қазақстанның әртүрлі қалаларында танымал болып, ұсақ-түйекке назар аударатын, сапаға жұмыс істейтін және стильді өндіріс ретінде көрсете алды.

«Біріншіден, біздің қалада жарқын, сәнді және ерекше етіп балалар киімдерін тігетін өндірушілер көп емес. Негізінен бізде мектеп формалары, спорт костюм, футболкалар тігіледі. Балаға сәнді, ерекше нәрсе сатып алғыңыз келса табу қиын. Ал мен, үш ұлдың анасымын. Қыздарға сәнді, нәзік, сүйкімді етіп киім тігу – менің сүйікті ісім»,- дейді Нина Барабанова.

Осы ісін жүзеге асыру үшін «Қазақстан Халық Банкінен» 21,5%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оны кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Қор несие сомасының 85%-ына кепілдік те берді.

«ЛитлПипл» шығаратын киімдер қатарында: аксессуарлар, тоқыма бұйымдар, көйлектер, сырт киімдер және т.б. бар. Ол тек табиғи және гипоаллергенді мақталы матадан тігіледі.

СҚО, Петропавл қ., Интернациональная к-сі, 44

+7 777 619 59 37

Эл. Пошта: nina-20-03@list.ru

@litlpipl.shop, @lovelove_accessories