info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«KazPolimerPlast» берік полиэтилен құбырлары

Жаңалықтар
21.08.2023

«KazPolimerPlast» ЖШС өз қызметін 2013 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істеп тұрған полиэтилен құбырлар өндіреті цех базасында бастады. Компания диаметрі 20-дан 1200 мм-ге дейінгі: су, кәріз, газбен жабдықтау, телекоммуникация, технологиялық құбыр жүйелеріне арналған полиэтилен құбырлар шығарады. Кәсіпорын жылына 6000 тонна полиэтилен құбыр өнімдерін шығаруға қауқарлы. Тәжірибелі, жоғары білікті инженер-техникалық құрам мамандары бар. Зауыт жұмыс барысында заманауи технологиялар мен сапалы шикізатты пайдаланады. Қазір зауытта 4 экструзиялық желі орнатылды, жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін әлемдік жетекші өндірушілердің заманауи жабдықтары бар.

Айналым қаражатын толықтыру керек болғанда компания мемлекеттің қолдауына жүгінді және «Даму» Қорыының субсидиясы мен кепілдігін пайдалана отырып, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында « First Heartland Jusan Bank» АҚ-дан жеңіл несие алды.

«KazPolimerPlast» ЖШС өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға үлкен рөл атқарады. Осы мақсатқа жету үшін ҚР СТ ISO 14001:2016 экологиялық менеджмент жүйесі және ҚР СТ OHSAS 18001-2008 кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі қолданылады. Негізгі жұмыс қалдықтарды қайта пайдалану және қайта өңдеу арқылы олардың мөлшерін азайтуға, технологиялық жабдықтардың сенімділігін арттыру арқылы атмосфераның ластануын болдырмауға бағытталған.

ҚР, БҚО, Орал қ., Полевая к-сі 1Д

Тел.: 8 (7112) 210-261

Сайт: kazpolimerplast.kz